

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, қыз балалардың бойына қалыптастыратын адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру мақсатында «Тарихи тұлғалардан өнеге» тақырыбында «Қыз Жібек» қыздар клубының отырысы өтті.