РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Шымкент қаласында өткізілген Республикалық "Құс жолы" балалар өнер байқауына қатысып "Бас жүлдені" иеленген тірек мектеп-лицейдің 3 сынып оқушылары мен І орынды иеленген 4 сынып оқушыларын мектеп-лицей директоры Сайлаубаев Руслан Бақытұлы арнайы марапаттады. Биші қыздарымыз Ташкент қаласына жолдама алды.Алдағы Халықаралық байқауда сәттілік тілейміз!Оқушыларымыздың жеңістері құтты болсын!