


"Бастауыш сыныптар бірлестігінің" әдістемелік айлығы барысында мұғалімдерді шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интелектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу, цифрлық ресурстарды қолдану тиімділігі туралы ой қозғау және оның оқу мен оқыту процесіне тигізер пайдасын, кедергілерін анықтау мақсатында «Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды қолдану тиімділігі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында сәлемдесу, топқа бөлуден бастап әртүрлі коучингтер мен шеберлік сағаттар көрсетілді. Әріптестеріміз алдағы уақытта семинарда көрсетілген платформаларды қолдану, әдіс-тәсілдерді сабақта пайдаланатындарын жеткізіп, семинар ұйымдастырушыларына жылы лебіздерін білдірді.