
Жуалы ауданының білім бөлімінің оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» ұйымы жұмысын кеңінен насихаттау мақсатында, 2024 жылдың 30 қаңтар күні аудандық «Үздік тәлімгер - 2024» байқауы өткізілді. Байқауда мектеп-лицейдің аға тәлімгері С.Қадырбекқызы І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.