24
октябрь
2024
«Жаңа Қазақстанның жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы» пікірсайыс турнирі өтті
Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің (РО) ұйымдастыруымен магниттік мектеп оқушылары арасында заман талабының сұранысына санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында «Қазіргі жаһандану үдерісінде ұлттық құндылықтарды сақтау мүмкін бе?» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге 9-11 сынып оқушыларынан құралған 8 фракция сайысқа түсті.
Фракциялар төмендегі қарарлар бойынша пікірталасты:
«Бұл палата қазіргі таңда жемқорлық проблемасы қарастырылып жатыр деп есептейді»;
“Жемқорлық жаһандану заманында өзінің маңызын жоя ма?”;
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Б.Майлин мен Б.Момышұлы атындағы шағын жинақталған мектептерден құралған «Микст» фракциясы жеңімпаз болса, ІІ орынды «Бөкейхан», ІІІ орынды «Жалын» фракциялары иеленді. Дебат соңында барлық қатысушы фракциялар мен турнир жеңімпаздары тірек мектеп-лицей директорының арнайы алғыс хаттарымен марапатталып, сыйлықтар үлестірілді.